
Бүгін Наурызбай ауданында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстары Абай даңғылы бойымен – аудан шекарасынан (Яссауи көшесі, Әуезов ауданы) облыс шекарасына дейін (Строительная көшесі) жүргізілді. Сенбілікке 1100-ден астам адам қатысты:
- аудан әкімдігінің қызметкерлері;
- коммуналдық мекеме өкілдері;
- жастар ұйымдары;
- ардагерлер мен белсенді тұрғындар.
Жұмысқа 70-тен астам арнайы техника тартылып, барлық санитарлық жұмыстар қамтылды:
– қоқыс жинау және шығару;
– тротуарларды сыпыру және жуу;
– шөп шабу;
– жасыл желектерді суару;
– аялдама павильондарын;
– арық жүйелерін және жерүсті өткелдерін тазалау.
Барлығы 480 м³ қоқыс шығарылды. Сенбіліктен кейін қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.
Қонақтар мен тұрғындар:
- поэзиялық байқауға қатысып;
- Абай шығармашылығына арналған викторинада білімін сынап;
- интерактивті фотозонада суретке түсіп;
- дәмді бауырсақ және салқын сусыннан дәм татты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1040921?lang=kk

Жауап қалдыру