Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы оқырман санын арттыру, кітапханаға деген қызығушылықты жандандыру мақсатында «Саябақтағы кітапхана» жобасы аясында ашық аспан астында танымдық-мәдени іс-шара ұйымдастырды.
Шара барысында балалар әдебиетіне арналған ерекше кітаптардан көрме жасақталып, қала тұрғындарының назарына ұсынылды.
Балалар үшін қызықты тапсырмалар, логикалық ойындар, сергіту сәттері мен танымдық сұрақтар ұйымдастырылып, ата-аналар мен балғындар белсенділік танытып, сыйлықтарға ие болды. Қатысушылар кітапхана қызметі жөнінде кеңірек мағлұмат алып, жаңа әдебиеттермен танысты.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
Жауап қалдыру