Жаңа оқу жылына мектептердің дайындығына мониторинг

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткен аптада мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа оқу жылына мектептердің дайындығын тексеруді бастады. Бақылау сынып бөлмелері мен спорт залдарының жағдайынан бастап, қауіпсіздік жүйелері мен жылыту дайындығына дейін жүргізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Meirzhan Otynshiyev (@meirzhan_otynshiyev)

Депутаттар бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалап, «Жайлы мектептер» құрылысының барысына да ерекше назар аударуда. Бүгін депутаттар № 146 мектеп-лицейіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарымен, жаңа «Жайлы мектептің» құрылысымен және № 38 гимназиядағы жөндеу сапасымен танысты.

Жалпы жағдай жақсы болғанымен, № 146 мектеп-лицейі бойынша ескертулер айтылды. Мектепке күрделі жөндеу жүргізілмеген, ал ағымдағы жөндеу мәселені түбегейлі шешпейді. Бұл мәселе хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта қаралатын болады.

Қалада 350-ге жуық орта білім беру ұйымы жұмыс істейді. Биыл шамамен 26 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Сонымен қатар 20 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр, оның сегізі 1 қыркүйекке дейін пайдалануға беріледі. Бірқатар мектептерде қосымша корпустар салынуда және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Осы жұмыстардың сапасы, бюджет қаражатының тиімді жұмсалуы және балалар үшін лайықты жағдай жасау – депутаттық корпустың басты әрі жауапты міндеттерінің бірі. Біз жүйелі мониторингті жалғастырып, бұл мәселені ерекше бақылауда ұстаймыз», – деді мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1041171?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді