
Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ақтаулық бірқатар көпбалалы аналарға мемлекеттік наградаларды табыстады.
Салтанатты жиында 8 ана – «Алтын алқа» иеленсе, 19 анаға – «Күміс алқа» табысталды. Әбілқайыр Байпақов өз кезегінде мерейі артқан аналарды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
– Балаларыңыздың дені сау, болашағы жарқын болсын. Арасынан мемлекетшіл азаматтар, көк байрағымызды желбірететін спортшылар, өнер адамдары, инженерлер, мұғалімдер, дәрігерлер өсіп шықсын. Сіздер ұлт ұрпағын тәрбиелеп, елдің өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңіріп отырсыздар, – деді қала әкімі құттықтау сөзінде.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1041306?lang=kk

Жауап қалдыру