Жұқпалы емес аурулардың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұқпалы емес аурулардың алдын алу мемлекеттің, қоғамның және кәсіби медициналық қауымдастықтың барлық секторларының бірлескен қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Созылмалы аурулар деп те аталатын жұқпалы емес аурулар (ЖЕА), әдетте ұзақ ағымға ие және генетикалық, физиологиялық, қоршаған орта және мінез-құлық факторларының жиынтығының нәтижесі болып табылады.
ЖЕА-дың негізгі түрлеріне жүрек-қан тамырлары аурулары (мысалы, гипертония, инфаркт және инсульт), қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және астма сияқты) және қант диабеті жатады. Салауатты өмір салты мен халықтың қартаюы сияқты факторлар бұл аурулардың дамуына ықпал етеді. Дұрыс тамақтанбаудың және физикалық белсенділіктің болмауының салдары адамдарда жоғары қан қысымы, қандағы глюкозаның жоғарылауы, қандағы липидтердің жоғарылауы және семіздік түрінде көрінуі мүмкін.
ЖЕА-ың алдын алуда халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында семинар-тренингтер, конференциялар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, 900-ден астам адам қамтылды.
16 860 дана ақпараттық-білімдік құралдар шығарылды.
«Адам паппиломасы вирусының алдын алу» тақырыбы бойынша 8 аудан және 2 қалада билбордтар орналастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1041483?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді