
ШҚО-да «Түнгі қаладағы балалар» ЖПІШ-тің алғашқы күні 87 құқықбұзушылық анықталды
Шығыс Қазақстан облысында республикалық «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Рейдтік тексерістердің алғашқы күні тәртіп сақшылары ішкі істер органдарында есепте тұрған 48 жасөспірімнің тұрғылықты мекенжайын тексерді.
Облыстың аумақтық бөлімшелері жүргізген жұмыстар нәтижесінде 87 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Атап айтқанда:
•балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін – 8 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
•кәмелетке толмағандардың алкогольді ішімдіктер ішуі немесе масаң күйде қоғамдық орындарда жүруі бойынша – 2 құқықбұзушылық тіркелді;
•кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін) заңды өкілінсіз жүргені үшін – 73 әкімшілік хаттама толтырылды.
Аталған іс-шара облыс аумағында әлі жалғасуда. Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік жұмыстар мен профилактикалық әңгімелер жүргізуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1041667?lang=kk

Жауап қалдыру