
Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жылға жоспарларға арналған брифингте округ әкімі Мұхит Досболовтың баяндамасы тыңдалды.
2024 жылы 15 700 гектар егіс алқабы игерілсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 17 300 гектарға жетіп, 1600 гектар артық жер өңделді. Бидайдан орта есеппен 10 центнер, арпадан 4 центнер өнім алынды. 2024 жылы Дарбаза ауылында 400 орындық жеке меншік «Алтай-ата» спорт кешені ашылды. Жоба құны – 600 млн теңге. 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кешенде жабық футбол алаңы, бокс, күрес, шахмат, үстел теннисі үйірмелері ашылып, бір мезгілде 300-400 адам қатыса алады.
2024 жылы 17,02 шақырым ұзындыққа асфальт жамылғысы, 17 шақырым жолға шағал төсеу жұмыстары жүргізілген. Биыл 21 шақырым жолды асфальттау, 20 шақырымға шағал төсеу жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылы Ердәуіт елді мекені және 51 разъезд тұрғындары көгілдір отынмен қамтылған. Сонымен қатар, округке қарасты 3 елді мекенге газ тартуға қаржы бөлініп, мердігер анықталды. Дарбаза ауылдық округіне қарасты 5 елді мекеннің орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл Сарысу елді мекенінде су сақтау қоймасының құрылысы жүргізілуде. Жобаны «Нұр Строй» ЖШС жүзеге асыруда.
Ауылдық округке қарасты Дарбаза елді мекенінің 22 көшесіне және ердәуіт елді мекенінің 4 көшесіне жарықшамдар орнатылған. 2024 жылы Дарбаза, Тасқұдық, Сарысу елді мекендерінде балалар ойын алаңшаларының құрылысы жүргізілген. 2025 жылы Ердәуіт елді мекенінде балалар алаңшасы салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілген.
«Таза Қазақстан» науқаны аясында округ аумағында бірқатар экологиялық шаралар іске асырылуда. Дарбаза елді мекеніндегі КХ-11 «Сарыағаш-Жылға-Рабат» жол бойындағы 0,30 гектар аумақ көгалдандырылып, 200 дана жеміс және шырша көшеті отырғызылды. Тамшылатып суару жүйесі орнатылып, су айдау насосы мен бөшке қойылды. Апта сайын сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылуда.
2025 жылы инфрақұрылымды дамыту бағытында және әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын жүргізу жұмыстары жоспарланған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1041741?lang=kk

Жауап қалдыру