Елордада өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері сынақ тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы аса маңызды мемлекеттік нысандарды өрттен қорғау департаментінің 9, 12, 13 және 14-өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі қағидаларын, күзетілетін нысандардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын, өртке қарсы техникалық қару-жарақ пен өртті сөндіру тактикасын білу бойынша сынақ тапсырды. Сонымен қатар, жедел жоспарларды әзірлеу және нақтылау жұмыстары жүргізілді.

Сынақ тапсыруға барлығы 362 қызметкер қатысты. Дайындық барысында жеке құрамның кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған түрлі тақырыптар бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1041941?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді