Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техника тілін жетік меңгерген маман Куйшинов Жантлес Муратбековичпен таныстырамыз.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Жантлес Муратбековичтің Қостанай облысы, Жітіқара қаласындағы «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС экскаватор машинисі болып еңбек етіп жүргеніне 16 жылдан асты. Жалпы еңбек өтілі – 18 жыл.

Ол үшін экскаватор – жай техника емес. Әр бөлшегін жатқа білетін Жантлес Муратбекович тау-кен жұмыстарын сапалы әрі қауіпсіз орындап, жас мамандарға білгенін үйретуден жалыққан емес. Жаңадан келген мамандарды өндіріс өміріне баулып, әрдайым қасынан табылып отырады.

Тәртіпті, жауапты, жан-тәнімен жұмысын сүйетін бұл еңбек адамы – ұжымның мақтанышы. Еңбегі еленіп, 2019 жылы кәсіпорынның бас директорының, ал 2023 жылы Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
#ЖұмысшыМамандықтарЖылы
#ГодРабочихПрофессий

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1042970?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді