Сандықтау ауданының кадр комиссиясы Сандықтау ауданы кадр резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

           Сандықтау ауданы кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы алпыс жастан аспаған;
  • жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімінің болуы;
  • басшысылық лауазымына үш жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру.

 

             Құжаттарды қабылдау Сандықтау ауданы әкімінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі 2025 жылғы 01-29 тамыз аралығында (қоса алғанда) жүзеге асырылады. 

             Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді 8 (71640) 9-17-34, 9-14-41 телефондары арқылы алуға болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1043044?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді