
Байзақ ауданы, Қостөбе ауылы, Қостөбе орта мектебінің 3-сынып оқушысы Олжасұлы Ернарды Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық “Copernicus Olympiad Mathematics Global” математикалық олимпиадасында жүлделі ІІІ орын иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл — Ернардың табандылығы мен білімге деген зор ынтасының, қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бұл жеңіс — оның жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар туған мектебінің, ауылдастары мен еліміздің абыройын арттырған үлкен жетістік.
🧠📚 Ернар — жас ұрпаққа үлгі, болашақтың үкілі үміті!
Жарайсың, Ернар! Алдыңнан тек ақ жол ашылсын, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-kostobe/press/news/details/1043361?lang=kk

Жауап қалдыру