#ЗАҢМЕНТӘРТІП #түнгіқаладағыбалалар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанайда полиция қызметкерлері Mercedes көлігін айдап кеткен жасөспірімді ұстады

28 шілде күні кешкі уақытта Қостанай қаласында жылдамдықты асырған, жол қозғалысы ережелерін бұзған, қарсы қозғалыс жолағына шығып, бағдаршамның сигналдарын елемеген Mercedes-Benz маркалы автокөлік патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

Көлік туралы ақпарат барлық кезекші жасақтарға берілді. Шипин көшесінде автокөлік тоқтатылды. Рөлде 16 жастағы жасөспірім отырған, ал көлік ішінде оның құрдастары болған. Автокөлік ұрланған деп есепке алынғаны анықталды. Бұған дейін иесі үй ауласынан көлік жоғалғаны туралы полицияға арыз берген.

Кәмелетке толмағандар одан әрі тексеру үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар жасөспірімдердің ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-audany-akimat/press/news/details/1043358?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді