2025 жылдың басынан бері Зеренді ауылдық округінде 14 миллион теңгеден астам сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың басынан бастап Зеренді ауылдық округінде мұқтаж жандарға атаулы және материалдық көмек көрсету бойынша жүйелі жұмыс жалғасып келеді. Көмек қоғамның әртүрлі санаттарын қамтиды: аз қамтылған отбасылар, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар, сондай-ақ төтенше жағдайлардан зардап шеккендер.
Жыл басынан бері көрсетілген көмектің жалпы көлемі:
15 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жалпы төлем сомасы – 5 580 425 теңге.
21 азаматқа өмірлік қиын жағдайға тап болғаны үшін біржолғы материалдық көмек берілді. Әрқайсысына 15 АЕК көлемінде. Жалпы сомасы – 1 238 580 теңге.
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 19 адамға 100 АЕК мөлшерінде төлемдер жасалды. Жалпы сомасы – 7 470 800 теңге.
Осылайша, жыл басынан бері жалпы сомасы 14 миллион теңгеден астам әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy-zerendy/press/news/details/1043502?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді