ҚҰРМЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында ағымдағы жылдың 02 шілде – 13 тамыз аралығында ішкі талдау жұмыстары жүргізілуде.

Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, 2025 жылдың 5 тамыз күні 10:00-де Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің «Сауран–Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны орналасқан Түркістан қаласы Кентау тас жолы  2 ғимаратының мәжіліс залында өтетін ішкі талдау анықтамасының алдын ала нұсқасын талқылау жиынына шақырамыз!

Байланыс:+7771-348-74-51

 

Эл.почта: sauran.su.21@mail.ru

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1043644?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді