Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үйді кезекке қою және бөлу жөніндегі функциялар “Отбасы Банк”АҚ-ға берілді. Бүгінгі таңда тұрғын үйге мұқтаждарды есепке алу және кезектілік тек онлайн форматта, orken.otbasybank.kz порталындағы «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен жүзеге асырылады.

Кезекте тұрған азаматтар өз мәртебесін келесі тәсілдер арқылы тексере алады:

orken.otbasybank.kz порталындағы жеке кабинет арқылы;

Қажет болған жағдайда – Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығына жүгіну арқылы.

Байланыс орталығы: 300 (ұялы телефоннан); 8 8000 801 880 (Қазақстан бойынша тегін), Онлайн-платформалар: orken.otbasybank.kz — есепке тұру және кезектілікті қадағалау; arenda.otbasybank.kz — жалдамалы тұрғын үйге субсидия ресімдеу.

Тұрғын үй беру кезінде “Отбасы банк” АҚ SMS хабарлама жібереді, осыған байланысты өз байланыстарын өзектендіру қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1043655?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді