МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ТАЛҒАТ АЛДЫБЕРГЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Президентке ұлттық компания қызметінің нәтижелері туралы мәлімет берілді.
Талғат Алдыбергенов:
➤ биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 8,6 пайызға ұлғайғанын айтты.
🟦Транзит тасымалының көлемі 14,6 миллион тоннаға жеткен.
➤ Трансұлттық теміржол дәлізін қалыптастыру үшін 1700 шақырымнан астам жаңа желі салынып, 3 мың шақырым жол жаңғыртылып жатқаны туралы баяндады:
🟦биыл Достық-Мойынты учаскесіндегі жолдың екінші бөлігі және Алматы бекетін айналып өтетін темір жол желісінің құрылысы аяқталады;
🟦Дарбаза – Мақтаарал жобасын іске асыру жалғасуда;
🟦Бақты – Аягөз және Қызылжар – Мойынты желілерінің құрылысы басталды.
➤ Терминал желілерін кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде мәлімет берді.
➤ Цифрландыру мәселесіне айрықша назар аударылатынын жеткізді:
🟦Әлемдік деңгейдегі инновацияның көшбасшыларымен бірлесіп, теміржол көлігінің сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қолға алынған;
🟦Транскаспий халықаралық көлік дәлізіндегі транзиттік декларацияны ресімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның транзит әлеуетін және экономикасын дамытуда компания үлкен рөл атқаратынын атап өтіп, көлік инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртудың маңызына тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1044143?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді