📍 ҚҰРМАНСАЙ: МЕКТЕПКЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов жұмыс сапарымен Құрмансай ауылдық округіне барып, Құрмансай жалпы орта мектебінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

2009 жылдан бері жөндеу көрмеген мектептің жаңартылуы – ауыл халқы үшін үлкен қуаныш. Жөндеу 2024 жылдың 26 мамырында басталған. Жоба құны – 237 млн теңге, қаржы облыстық бюджеттен бөлінген.

Жөндеу аясында:
– шатыр, есік-терезе, еден, инженерлік желілер толық ауыстырылады;
– қосымша дәліздер мен әжетханалар салынады;
– спорт залы жаңартылады.

Құрылыс жаңа оқу жылына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Жыл соңына дейін STEM және заманауи химия кабинеттері іске қосылады.

Құрылыс сапасы – аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/press/news/details/1044216?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді