
Жезқазған қаласында білім беру мекемелерін күрделі жөндеу бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыру жалғасуда.
2025-2026 жылдары жөндеу жұмыстары бірден бірнеше нысандарда: №4 мектепте, №8,№26 гимназияларда, музыка колледжінде, технологиялық және сервис колледжінде, “Салтанат”бөбекжайында жүргізілуде. Білім беру мекемелердегі ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімге сәйкес толық көлемде орындалуда.
Жобаларды іске асыру барысы қалалық және облыстық мәслихаттар депутаттарының, сондай-ақ Қоғамдық кеңес мүшелерінің бақылауында болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhezkazgan/press/news/details/1044304?lang=kk
Жауап қалдыру