
Жеке құраммен идеологиялық және тәрбиелік жұмыстарды жүргізу аясында, сондай-ақ қызметкер отбасының рөлін нығайту мақсатында Еңбекшіқазақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің отбасыларына барды.
Іс-шара барысында төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері құтқарушылардың жақындарымен кездесіп, азаматтық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлердің отбасы тарапынан көрсетілетін қолдаудың маңыздылығы ерекше атап өтіліп, қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып жүрген мамандардың жанұяларына алғыс білдірілді.
Отбасы – қызметкер үшін сенімді тірек әрі рухани демеу. Тыл мықты болса, алдыңғы шептегі қызмет те табысты болатыны сөзсіз. Құтқарушылардың күнделікті қызметі жоғары жауапкершілік пен қауіп-қатерге толы болғандықтан, отбасының қолдауы олардың моральдық-психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты фактор болып табылады.
Аталған іс-шара азаматтық қорғау органдарында моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, ұжымдағы бірлікті арттыру және корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жұмыстар шеңберінде өткізілді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1044482?lang=kk
Жауап қалдыру