
Бүгін “AMANAT” партиясы Кентау қалалық филиалында қала әкімі Жандос Тасов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, жер телімдерін бөлу, балалар ойын алаңын салу және әлеуметтік салаға қатысты өзекті мәселелерді көтерді.
Қала әкімі әрбір көтерілген мәселе бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарының орындалу барысы өз бақылауында болатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1044682?lang=kk
Жауап қалдыру