КЕЛЕС ЖЕРІНДЕ ТҮРІКТІҢ ШАБДАЛАСЫ ТАМЫР ЖАЙДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Биыл Келес ауданының ауыл шаруашылығы саласы маңызды жаңа бағытқа бет бұрды. Ауданға арнайы келген Түркия мемлекетінің инвесторлары ауданның табиғи-климаттық ерекшеліктерін зерттеп, жеміс-жидек шаруашылығын, соның ішінде шабдалы өсіруді дамытуға қызығушылық танытты.
Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев шетелдік мамандарға өңірдің әлеуетін таныстырып, әріптестік орнату жолдарын талқылады.
Инвесторлардың оң бағасынан кейін өңірде нақты қадамдар жасала бастады. Атап айтқанда, «Нұржан» шаруа қожалығының төрағасы Нұржан Умаров Түркиядан 15 000 түп «Орион» сұрыпты шабдалы көшеттерін алып келіп, 12 гектар жерге отырғызды. Бұл көшеттер Келес аумағындағы арнайы дайындалған аумақта отырғызылып, алғашқы ірі шабдалы бағының негізі қаланды.
Жобаның келесі кезеңінде шабдалы бақтарын кеңейту жоспарланып отыр. Бұл бағытта Алпамыс батыр ауылдық округінде орналасқан «Ұлы Дала» өндірістік кооперативінің төрағасы Құрманғазы Асанбаев пен Нұржан Умаров бірлесе отырып, көлемі 51,3 гектар жер учаскесіне шабдалы көшеттерін отырғызу жұмыстарын қолға алмақ.
Алдағы жылдары жергілікті кәсіпкерлер Түркиядан сапалы көшеттерді алып, заманауи жеміс бақтарын құруды жалғастырады. Бұл бастама жаңа жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және Келес ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрін көбейтуге жол ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1044704?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді