
Ұлытау ауданында «Тасбұлақ» демалыс орны ресми түрде пайдалануға берілді. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен жүзеге асып отыр.
⠀
Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров қатысып, нысанның ашылуымен құттықтады. Сондай-ақ, мұндай ерекше демалыс орнының маңыздылығын атап өтіп, аудан тұрғындары мен қонақтары үшін таптырмас демалыс орны болатындығын жеткізді.
⠀
Демалыс орнының аумағы – 600 шаршы метрден астам. Аталған орында жасыл желектер, ағаштар отырғызылып, толық абаттандырылған. Сондай-ақ Ұлытаудың тарихын айқындайтын белгі тас орнатылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1044722?lang=kk
Жауап қалдыру