2025 жылғы шілдедегі ҰҚК СЖҚҚ іс-қимыл нәтижелері туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес шеңберінде ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі шілде айында ҚР Қылмыстық кодексінің келесі:

– 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) 3;

– 366-бап (пара алу) 5;

– 367-бап (пара беру) 4;

– 190-бап (алаяқтық) 2;

147-бап (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) 1;

– 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 1;

– 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) – 1 баптары бойынша сараланатын 17 құқық бұзушылық фактісін тіркеді.

Сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің:

– 189-бап – 1 (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу);

– 190-бап – 6 (алаяқтық);

– 206-бап – 1 (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру);

– 218-бап – 1 (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату));

– 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 1;

366-бап – 2 (пара алу);

367-бап – 3 (пара беру);

– 433-бап – 1 (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) баптары бойынша 16қылмыстық іс жіберілді.

Аяқталған істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 113,6 млн теңгеге келтірілген залал қайтарылған.

619,1 млн теңге мүлікке тыйым салынды.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 471,84 мыңтеңге сомасында сыйақы берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/1044760?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді