Түркістан облысында генерал Өмірзақ Болсамбеков ІІО ардагерлерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Түркістан облысының полиция департаментінде Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбековпен кездесу өтті. Іс-шараға облыстың ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері мен ІІО еңбек сіңірген ардагерлер қатысты.
Ішкі істер министрлігі жанындағы ардагерлер ұйымы 1992 жылдан бастап жұмыс істейді және бүгінгі күнге дейін республика бойынша 42 филиалы қамтылған, ол 87 мыңнан астам ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлерін біріктіреді. Генерал Өмірзақ Болсамбеков өз сөзінде ұйымның басты міндеттерінің бірі – ардагерлерді әлеуметтік-құқықтық қорғау, жас қызметкерлерді патриоттық тәрбиелеуге ат салысу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдемдесу екенін атап өтті.
Кездесу барысында төраға Ө.Болсамбеков өз қызметіндегі қызықты оқиғаларымен бөлісіп, құнды кеңестер берді. Ол әр қызметкер дамытуы керек қажетті дағдылар мен кәсіби қасиеттерге назар аударды. Өз өмірінің ең жақсы жылдарын ішкі істер органдарында қызмет етуге арнаған ардагерлердің одан кейін де қоғамдық өмірге белсенді қатысуы жас ұрпақ үшін үлгі болып, полицияның имиджін арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1044778?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді