Полицейлер Көкшетау қаласының жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының объективіне түскен қылмыскерлерді көрсетті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері азаматтардың қоғамдық тәртіпті бұзуының алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда.  Қоғамдық орындарда қоқыс, түкіру, темекі тұқылдары мен алкогольді ішу, осы “шамалы” болып көрінетін бұзушылықтардың барлығы күнделікті жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тіркейді.

Полицейлер тіпті ұсақ теріс қылықтар да назардан тыс қалмайтындығы, және де олардан қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың тыныштығы мен әл-ауқатына қауіп төндіретіндігін ескертеді.

Мұндай фактілердің жолын кесу, ең бастысы олардың жасалуының алдын алу үшін ақмола полицейлері экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған “Таза Қазақстан” акциясын жалғастыруда. 

Жыл басынан бері акция аясында құқық қорғау органдары құзыретті органдардың өкілдерімен бірлесіп 5 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар өткізіп, 9 мың адамды жауапқа тартты.  Абаттандыруды бұзудың 6500-ден астам фактісі және жалпы пайдалану орындарының ластануының 2400-ден астам жағдайы тоқтатылды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды тәртіпті бұзбауға, қоғамдық орындарда тәртіпті сақтауға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға шақырады. “Заң және тәртіп” қағидатын ұстанып, заңсыз әрекеттерге жол бермеу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1045239?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді