
➤ Жуалы аудандық мәдениет үйінің алаңында өнегелі отбасылардың басын қосқан тағылымды форум өтті.
➤ Ауданда ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 30 шілдесі аралығында «Мерейлі отбасы – әділетті қоғам» акциясы өтті.
Мақсаты отбасы құндылықтарын насихаттау , қоғамда жиі кездесетін өзекті мәселелер-ерте жүктіліктің, ажырасу мен суицидтің, зорлық – зомбылықтың алдын алу бағытында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
➤ Акцияға ақсқалдар кеңесі, билер кеңесі, аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктер, білім беру, денсаулық сақтау,, әлеуметтік қорғау салаларының мамандары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тартылды.
➤ Акцияны қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған “Мерейлі отбасы – Әділетті қоғам” форумы аясында көпшілікке үлгі болар отбасылар қатысып, береке мен бірлікке негізделген жанұя екендігін көрсетті.
➤ Форум барысында аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрайымы А.Ахметова «Мерейлі отбасы -2025» ұлттық конкурсына қатысқан отбасыларды марапаттады.
«Мерейлі отбасы -2025» ұлттық конкурсының 1 орын иегері Көшербаевтар отбасы.
2 орын иегері Абдуалиевтар отбасы.
3 орын Канадановтар отбасы.
«Өнегелі отбасы» номенациясының жеңімпазы – Жанқожаевтар отбасы.
«Үлгілі отбасы» номенациясының жеңімпазы Тұрғановтар отбасы.
➤ Осындай шаралар қоғамның рухани әлеуетін арттырып, әділетті әрі берекелі болашаққа жол ашады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1045296?lang=kk
Жауап қалдыру