Ақтөбелік құтқарушы – халықаралық турнирдің күміс жүлдегері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1–3 тамыз аралығында Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында ерлер арасында қоян-қолтық ұрыс бойынша халықаралық турнир өтті. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын Ақтөбелік құтқарушы Ринат Құдайберген Ролланұлы абыроймен қорғап, күміс медаль жеңіп алды.

Құтқару қызметінің қызметкері өз кәсібінде ғана емес, спортта да жоғары шеберлігін көрсете білді. Оның ерік-жігері, табандылығы мен жауынгерлік рухы оны жеңіс тұғырына жеткізді.

Чемпионымызды құттықтаймыз! Бұл жетістік жастарға үлгі, барлық құтқарушылар үшін мақтаныш болсын!

Ақтөбе облысының ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-aktobe/press/news/details/1045491?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді