«Заң және тәртіп»: елорданың сауда орталықтарында қауіпсіздік мәселесі түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Арнайы жұмыс тобы «Астаналық базар» мен «Орталық базарды» аралап, кәсіпкерлерге қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жүргізді.

Іс-шара барысында бизнес өкілдеріне салық заңнамасы, сондай-ақ өрт және санитариялық қауіпсіздік талаптары түсіндірілді.

«Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы ауыр зардаптарға алып келуі мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, елордада сауда базарларын кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Осы орайда базар иелері жалға алушыларға заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасауы тиіс», – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев.

Бұл бағыттағы түсіндіру жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1045446?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді