ШҚО әкімі негізгі азық-түлік бағаларын бақылауда ұстауды тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеңес барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде тапсырма берді.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу – өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі аса маңызды мәселе. Бұл – баға тұрақтылығын сақтау және халық үшін негізгі азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі. ӘМАТ бағасының өсуін тежеу – өңір үшін басымдыққа ие міндет. Бұл – әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халықтың азық-түлікке қолжетімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет», – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Алайда статистикалық деректерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында жұмыртқа, тұз, сары май, тауық еті сияқты күнделікті тұтынатын бірқатар өнімдердің бағасы өскені байқалады. Сонымен қатар, картоп, сәбіз, қырыққабат және пияз бағасының төмендеуі тіркелді.

Облыс әкімінің айтуынша, бағаны тежеу мақсатында халық пен өндірушілерді нарықтағы тұрақсыздық жағдайында қолдауға бағытталған қаржылық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шараларды қамтитын кешенді жоспар әзірленген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-shemonaiha-shemonaiha/press/news/details/1045577?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді