ІІМ хабарлайды: банк картасын үшінші тұлғаларға бергені үшін жауапкершілік енгізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ішкі істер министрлігі дербес деректерді қорғауға және қаржы қызметі саласындағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасындағы маңызды өзгерістер туралы ескертеді.

Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады.

Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді.

Есіңізде болсын: жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті.

ІІМ ұсынады:
– ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
– картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы “оңай ақша табуға” келіспеңіз;
-күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1045637?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді