АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«Аққулы  ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  2025 жылғы 23 қыркүйекте сағат 10.00-да, шаруа  (фермерлік) шаруашылық, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі (жалдау) жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурс мына мекен-жайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Аққулы ауданы,  Аққулы ауылы, Вс. Иванова көшесі, 92А.

Конкурс өтінімдері конкурсты ұйымдастырушыға конкурс өтінімдерін қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қолма-қол немесе пошта арқылы 2025 жылдың 2-ші 22 қыркүйекке дейін табыс етіледі.

Конкурсқа шығарылатын жер телімдер  тізбесі

Лот-  тың№

Алқаптардың алаңы, гектар (бұдан әрі -га)

Топырақ-тың сапалық сипатта-масы

Бони-тет баллы

Ауылшаруашылығына мамандануы

Жалға беру мерзімі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сумен қамтама-сыз етілуі

1

212

Жалпы алаңы 420,0525 га,  оның ішінде жайылым 419,3525 га, далалық жолдар 0,7 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Қарақала  ауылдық округі

жоқ

2

213

Жалпы алаңы 212,4712 га, оның ішінде жайылым 210,2712 га, далалық жолдар 2,2 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Қызылағаш ауылдық округі

жоқ

3

214

Жалпы алаңы 429,3295 га, оның ішінде жайылым 426,1295 га, далалық жолдар 3,2 га

Ашық каштан

10

Мал  шаруашылығы

15 жыл

 Малыбай ауылдық округі

жоқ

4

215

Жалпы алаңы 402,7647 га, оның ішінде жайылым 352,2647 га, тұзды батпақ 49,0 га, далалық жолдар 1,5 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Малыбай  ауылдық округі

жоқ

5

216

Жалпы алаңы 151,8590 га, оның ішінде жайылым 151,3590 га,  далалық жолдар 0,5 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Малыбай  ауылдық округі

жоқ

6

217

Жалпы алаңы 100,8910 га, оның ішінде жайылым 100,6910 га,  далалық жолдар 0,2 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Майқарағай  ауылдық округі

жоқ

7

218

Жалпы алаңы 100,0000 га, оның ішінде жайылым 99,8000 га,  далалық жолдар 0,2 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Майқарағай  ауылдық округі

жоқ

8

219

Жалпы алаңы 100,0000 га, оның ішінде жайылым 99,8000 га,  далалық жолдар 0,2 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Майқарағай  ауылдық округі

жоқ

9

220

Жалпы алаңы 100,0000 га, оның ішінде жайылым 99,8000 га,  далалық жолдар 0,2 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Майқарағай  ауылдық округі

жоқ

10

221

Жалпы алаңы 510,0579 га, оның ішінде жайылым 508,2579 га,  далалық жолдар 1,8 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Майқарағай  ауылдық округі

жоқ

11

222

Жалпы алаңы 33,0010 га, оның ішінде жайылым 32,4010 га,  далалық жолдар 0,6 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Шарбақты  ауылдық округі

жоқ

12

223

Жалпы алаңы 502,5570 га, оның ішінде жайылым 501,1570 га,  далалық жолдар 1,4 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Шарбақты  ауылдық округі

жоқ

13

224

Жалпы алаңы 521,4012 га, оның ішінде жайылым 450,1012 га, тұзды батпақ 70,0 га,  далалық жолдар 1,4 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Шақа  ауылдық округі

жоқ

14

225

Жалпы алаңы 20,8418 га, оның ішінде жайылым 20,1418 га,  далалық жолдар 0,7 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Қызылағаш  ауылдық округі

жоқ

15

226

Жалпы алаңы 370,8369 га, оның ішінде жайылым 369,5369 га,  далалық жолдар 1,3 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Шарбақты  ауылдық округі

жоқ

16

227

Жалпы алаңы 465,8540 га, оның ішінде жайылым 464,1540 га,  далалық жолдар 1,7 га

Ашық каштан

10

Мал шаруашылығы

15 жыл

Баймулдин ауылдық округі

жоқ

 

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) конкурсқа қатысуға өтінім;

2) конкурстық ұсыныс.

Өткізілетін Конкурстарға жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 баптың 19-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қатысуға құқылы емес.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім (Бұдан әрі – Өтінім) қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандардың жергілікті атқарушы органдарына электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандардың жергілікті атқарушы органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына (Бұдан әрі – Шарт) қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады.

Конкурстық ұсыныста мыналар болуы тиіс:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар Шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, Конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, Конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.

Қатысушы конкурстық өтінімді конвертке желімдейді, онда: өзінің атауы мен мекен-жайын; конкурсты ұйымдастырушыны және оның мекен-жайын көрсетеді, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін жалға беру жөніндегі конкурс” және “(ашудың нақты күні мен уақыты көрсетіледі) «2025 жылғы «23» қыркүйек» сағат 10.00-ға ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ” деген сөздерді жазады. Конкурс өтінімдері конкурсты ұйымдастырушыға конкурс өтінімдерін қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.

Конкурс  бойынша толық ақпаратты жер қатынастары бөлімінен алуға болады.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу мына мекен-жайы бойынша жүргізіледі: Аққулы ауданы, Аққулы ауылы, Амангельды көшесі, 85А «Аққулы ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады, тел. 8-718-39-79-018.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1046121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді