Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының прокуратурасы «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде пробация қызметінің қызметкерімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орнында рейд жүргізді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты алынбаған және өтелмеген соттылығы бар адамдар жасаған қылмыстардың алдын алу болып табылады.
Рейд нәтижесінде сотталғандарға жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзудың құқықтық салдары түсіндіріліп, бас бостандығынан айырусыз сотталған 2 адамға ресми ескерту жасалды.
Профилактикалық жұмысты бекіту мақсатында пробациялық бақылау шарттарын сақтамаған адамға шартты түрде соттаудың күшін жою жөнінде ашық сот процесі ұйымдастырылды.
Сотта прокурор материалдарды зерделей келе, шартты түрде соттауды жоюдың орындылығы туралы қорытынды жасады, жіберілген бұзушылықтарға байланысты сот шартты жазаның күшін жойып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.
Осылайша, сотталғандарға жазаны өтеу шарттары мен тәртібін бұзудың салдары көрсетілді.
Аудан прокуратурасы пробациялық бақылау шарттары сақталмаған жағдайда жазаны нақты бас бостандығынан айырумен ауыстыру шаралары дереу қолданылатынын еске салады.
Ұзынкөл ауданының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1046126?lang=kk
Жауап қалдыру