Жарқайың ауданының 70 жылдығын мерекелеу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жарқайың ауданының 70 жылдығын мерекелеуге спорттық іс-шараларды өткізуге дайындыққа Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы А.Әлжанов белсенді қатысты. Мереке бағдарламасына спорттың 7 түрі енгізілді. Мерекелік шаралар ипподромда ұлттық ат спорт түрлерінен — көкпар, тай жарыс, аламан бәйгеден жарыстармен басталды.

Аламан бәйге қорытындысы (ұзақ қашықтыққа ат жарысы): жарысқа Солтүстік Қазақстан облысының (Ғабит Мүсірепов ауылынан) және Жақсы ауданы шабандоздары қатысты.

1 орын: Ерқанат Әкімжанов (Державинск қ.) — 1 000 000 теңгеге сертификат, кубок және медаль.

2 орын: Рахман Алдибек (Ғ. Мүсірепов ауыл, СҚО) – 500 000 теңгеге сертификат.

3 орын: Мұрат Нұрасыл (Жақсы ауданы) — 300 000 теңгеге сертификат.

Жарысқа Жарқайың ауданы мен Атбасар қаласының ауылдық округтерінің шабандоздары қатысты.

1 орын: Нуролла Абильмансур ( Державинск қ) – 500 000 теңге, кубок және медаль.

2 орын: Ризат Ибрагимов (Гастелло) – 400 000 теңгеге сертификат.

3 орын: Мұрат Нұрасыл (Державинск қ.) – 300 000 теңгеге сертификат.

4 орын: Айбек Әділбекұлы ( Шойындыкөл) – 200 000 теңгеге сертификат.

 5 орын: Асқар Басталбек ( Атбасар) – 100 000 теңгеге сертификат .

Көкпардан қорытынды: көкпардан командалық турнирге төрт команда қатысты: Нахимовка-1 Нахимовка-2 ,Гастелло, Державинск.

1 орын: Нахимовка командасы-1-кубок және 500 000 теңгеге сертификат.

2 орын: Нахимовка командасы-2 — 300 000 теңге.

3 орын: Державинск командасы-100 000 теңге.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/1045936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді