
Бүгін, 6 тамызда екі адамның өмірін құтқарып өзі суға кеткен Ерлан Шонтабаевтың отбасына Ақтау қаласынан жаңа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Қоныстануға дайын тұрған пәтер құрылыс компаниясының демеушілігімен берілді.
Сонымен қатар демеушілердің есебінен марқұмның отбасына қаржылай көмек көрсетілді.
Еске сала кетейік, 26 шілде күні Ерлан Шонтабаев Ақтау қаласынан шамамен 30 шақырым қашықтықта орналасқан, шомылуға арналмаған жағажайда суға батып бара жатқан екі қызды аман алып қалған. Сондай-ақ, өзімен бірге көмекке ұмтылған тағы бір азаматты құтқаруға тырысқан сәтте, қатты толқынның салдарынан өзі суға батып кеткен.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1046715?lang=kk
Жауап қалдыру