
Жаңа оқу жылының басталуына дайындықпен танысу мақсатында 2025 жылдың 06 тамыз күні Ақмола облысына Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің төрағасы Серік Кеңесұлы Аширов келді.
Кездесу барысында Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде салынып жатқан 300 орындық жатақхананың, «Аяла» мамандандырылған балабақшасының, «Келешек мектебі» аясында салынған техникалық мектеп-лицейінің, Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейін жаңарту шеңберінде күрделі жөндеуімен, «Білім-инновация» лицей-интернатының құрылыс барысымен танысты.
«Воlashaq saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайында басқарма және білім бөлімдерінің басшыларымен, мектеп директорларымен, оның ішінде жайлы мектеп директорларымен кеңес өткізді.
Кейін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Әміренова Алтынай Байқадамқызымен кездесу өткізді. Кездесу барысында облыстық білім беру ұйымдарының жұмысы, жаңа оқу жылына дайындығы, «Келешек мектебі» аясында салынған жайлы айтылды.
Кездесуге Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қаппасов Орал Қабиұлы, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гамазов Валерий Георгиевич қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1046714?lang=kk
Жауап қалдыру