
Облыс әкімінің тапсырмасын орындау аясында Тобыл қаласы әкімінің Семей көшесіндегі көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесуі өтті. Диалог аясында үй маңындағы аумақтарды абаттандыру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қостанай ауданының ТКШ бөлімінің басшысы Қайратұлы Алтынбек мердігер ұйым басшысының қатысуымен ғимараттардың қасбеттерін жаңарту бойынша жұмыс жоспарларын айтып, талқылады.
Тұрғындардан келіп түскен барлық ұсыныстар мен ескертулер тіркелді және іс-шараларды одан әрі іске асыру кезінде ескерілетін болады.
Тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы және қалалық ортаны дамытуға қызығушылығы үшін алғыс айтамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-audany-akimat/press/news/details/1046744?lang=kk
Жауап қалдыру