АБАЙДЫҢ ЖЫРЛАРЫ ЖАТҚА ОҚЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына байланысты, Ш. Жандарбекова атындағы Мәдениет үйінде «100 өлең» атты облыстық байқау өтті.

 

Байқаудың ашылу салтанатында аудан әкімі Әділжан Арғынұлы байқауға бақ сынауға келген зейінді де зерек, жадылары мықты, үздік үміткерлерге сәттілік тіледі.

 

Қазылар алқасының құрамында: комиссия төрағасы, белгілі ақын Руслан Нұрбай; аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ілияш; ақын, «Мирас» балалар өнер мектебінің оқытушысы Сұлтан Дәулетханұлы; «Қарқаралы» газетінің редакторы Құрманғазы Өтебай; республикалық, облыстық Абай оқулары, Махамбет, Оралхан Бөкей оқуларының жүлдегері Айнұр Топаева Абайдың өлең-жырларын жатқа оқудан сайысқа түскен жастардың өнеріне төрелік жасады.

 

Шара барысында ақынның қара сөздері, мәдени-сауық орталығының өнерпаздары, «Қайран жастық» ардагерлер ансамблі әсем әндерді орындап, көрермен ықыласына бөленді.

 

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдені (500 мың теңге) қарқаралылық Нұртай Айсұлу иеленді. І орынды (300 мың теңге) қарағаштық Дүйсен Абылай алды. ІІ орынды (200 мың теңге) қарағандылық Мариям Ахметбек пен Акшархат Эшкулова  еншілеп, Ақтерек ауылынан Төлеген Балым мен қарағандылық Әлия Біржанқызы ІІІ орынды (150 мың теңге) жеңіп алды.   

Барша жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!

Ұлы Абайдың өшпес мұрасы қазақ халқымен бірге жасай берсін!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1046729?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді