
Қазақстандық “KMG PetroChem ЖШС» компаниясы «Consolidated Contractors International Company» (CCIC, Ливан) компаниясымен консорциумдағы итальяндық «Tecnimont S.p.a.» компаниясымен Қазақстандағы Теңіз кен орнында газ сепарациялық кешенін салуға EPC-келісімшарт (инжиниринг, сатып алу, құрылыс) жасасты.
EPC-келісімшарт қуаты жылына 9,1 млрд текше метрге дейін құрғақ газды қайта өңдейтін газ сепарациялық кешенді жобалауды, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және салуды көздейді. Бұл бірегей жоба, өйткені Қазақстанда бұрын мұндай көлемдегі кешендер салынбаған. Ол Теңіз кен орнында салынатын болады.
Жоба “Силлено” ЖШС полиэтилен зауытын қажетті шикізатпен – жылына 1,6 млн тоннаға дейін этанмен қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ 360 мың тоннаға дейінгі көлемде пропан өндірілетін болады. Бұл фракциялар “Теңізшевройл” ЖШС-нан келетін құрғақ тазартылған газдан алынатын болады.
Жобаны іске асыру Қазақстанның мұнай-газ химиясы саласын дамыту және қосылған құны жоғары өнім жасау үшін тұрақты шикізат базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жергілікті өндірісті дамытуға, оның ішінде қазақстандық кәсіпорындарды жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге және тауарларды жеткізуге тарту арқылы ерекше назар аударылатын болады.
Бұдан басқа, келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде қазақстандық мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі кешенді бағдарлама көзделген, олар кейіннен газ сепарациялық кешенді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын болады.
Дереккөз: www.kapital.kz
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/news/details/1046879?lang=kk
Жауап қалдыру