
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанда жиналыстың екі форматы қолданылады.
Кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне қатысты мәселелерді шешу үшін пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жалпы жиналыстар өткізеді.
Паркинг орындары мен қоймалар бойынша тариф мәселелері бойынша – осы мүліктің меншік иелері дауыс береді. Бұл жиналыстарды бөлек өткізуге тыйым салынбайды.
Қабылданған жиналыс форматтары:
- Явкалық (қатысу арқылы) – хабарламада көрсетілген орында бетпе-бет жиналыс өткізу формасы.
- Сырттай (қатыспай) – жазбаша сауалнама немесе онлайн дауыс беру сырттай форматқа жатады.
Тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы алынған дауыс беру нәтижелері – явкалық және сырттай форматта өткізілген жиналыстардың қорытындыларын шығару кезінде ескеріледі.
Дауыс беруге тек меншік иелері ғана қатыса алады, ал ақпараттандыру жүйесінде меншік иесін растау (верификация) механизмі көзделген. Яғни, дауыс бермес бұрын жүйе адамның нақты пәтердің немесе тұрғын емес үй-жайдың иесі екенін тексеруі тиіс.
Жиналысты келесі тұлғалар бастамашы бола алады:
- мүлік иелері бірлестігінің төрағасы;
- кондоминиум нысанын басқару субъектісі;
- үй кеңесі;
- тексеру комиссиясы (ревизор);
- пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кемінде 10%-ы;
- паркинг орындары мен қоймалардың меншік иелерінің кемінде 10%-ы;
- тұрғын үй инспекциясы.
Жиналысты ұйымдастырушы жиналыс өткізілетін күнге бес күнтізбелік күн қалғанда пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, паркинг орындарының және қоймалардың меншік иелерін жиналыстың форматы, өткізілетін күні, орны және күн тәртібі туралы хабардар етуге міндетті.
Жиналыс шешімдері хаттамамен рәсімделеді және хаттамада көрсетілген күннен бастап заңды күшіне енеді.
Жиналыста келесі мәселелер бойынша шешімдер қабылданады:
- кондоминиум нысанын басқару формасын таңдау;
- кондоминиум нысанын басқару субъектісін таңдау;
- мүлік иелері бірлестігінің төрағасын, үй кеңесі мен тексеру комиссиясының (ревизордың) мүшелерін сайлау, қайта сайлау немесе өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
- пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің арасынан кооперативті тіркеу (қайта тіркеу) үшін бастамашыл топ құрамына өкілдерді делегаттау;
- көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыны жалдау туралы шешім қабылдау;
- кондоминиум нысанын басқаруға арналған жылдық шығындар сметасын бекіту;
- ағымдағы жарналар (пайдалану шығындары) мөлшерін бекіту;
- жинақ жарналар мөлшерін (капиталдық жөндеу үшін 0,005 АЕК-тен жоғары) арттыру туралы шешім қабылдау;
- паркинг орындары мен қоймалардың меншік иелерімен осы мүліктерді күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналар мөлшерін бекіту;
- мақсатты жарналар жинау, олардың мөлшері, мерзімі және төлеу шарттары туралы шешім қабылдау;
- паркинг орындары мен қоймалар меншік иелерінің мақсатты жарналар туралы шешім қабылдауы;
- кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне капиталдық жөндеу жүргізу (модернизациялау, қайта жаңарту, қалпына келтіру), жөндеу сметасын бекіту;
- капиталдық жөндеуге арналған жинақ шотындағы қаражатты жұмсау туралы шешім қабылдау;
- көппәтерлі үйдегі лифтілерді ауыстыру (жөндеу) туралы шешім қабылдау;
- кондоминиум нысанын басқаруға қатысты жылдық есепті бекіту;
- кондоминиум нысанының ортақ мүлкін және оның құрамының өзгеруін айқындау;
- ортақ мүліктің бір бөлігін пәтер, тұрғын емес үй-жай, паркинг немесе қойма меншік иесіне немесе үшінші тұлғаларға жалға беру туралы шешім қабылдау;
- тұрғын үй қатынастары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісін таңдау туралы шешім қабылдау;
- есепті кезеңнің қорытындысы бойынша үй кеңесі мен тексеру комиссиясы (ревизор) мүшелеріне сыйақы төлеу және оның мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдау;
- мүлік иелері бірлестігінің төрағасына еңбекақы мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдау;
- кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне капиталдық жөндеу жүргізетін мердігерді таңдау туралы шешім қабылдау;
- басқа да мәселелер.
Жиналысқа пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысқан жағдайда, ол заңды (құқықты) деп есептеледі.
Шешім қабылдануы үшін – меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс беруі қажет.
9 және 11-тармақтарда көрсетілген мәселелер бойынша – паркинг орындары мен қоймалар меншік иелері бөлек жиналыста шешім қабылдайды.
Шешім қабылданған болып есептеледі, егер меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі қолдаса.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1047030?lang=kk
Жауап қалдыру