ШИЕЛІ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШИЕЛІ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ҚАЙТА ЖАҢАРТЫЛДЫ

Шиелі ауданындағы қуаттылығы 220/35/10 кВ “Шиелі” қосалқы станциясын қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталып, қазіргі таңда қондырғыларды тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жоба 2024 жылы аймақ басшысының қолдауымен республикалық және жергілікті бюджет есебінен басталған. Жаңғырту аясында 220 кВ, 35 кВ және 10 кВ электр желілері мен қосалқы қондырғылар толықтай жаңартылды.

Айта кетейік, станция алғаш рет 1964 жылы іске қосылып, содан бері ауданның 85 мыңнан астам тұрғынын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етіп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-energy/press/news/details/1047025?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді