
2025 жылғы 8 тамызы Бекшенов С. төрағалығымен, аудан әкімінің орынбасары А. Рахимжановтың қатысуымен мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.
Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы;
Тайынша ауданында Булаев топтық су құбырынан қосылатын тарату желілерін салу туралы;
Тайынша ауданында жұмысшы кәсіптер жылы шеңберінде іс-шаралар жоспарын іске асыру;
Тайынша ауданының бюджетін және Келлер, Большеизюмов, Драгомировский, Чермошнян, Яснополян және Киров ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттерін нақтылау.
Сондай-ақ қаралды және келісілді:
Тайынша ауданы әкімдігінің дербес құрамы;
Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының дербес құрамына және ережесіне өзгерістер;
Тайынша ауданының сайлау комиссияларына өзгерістер енгізілді.
Барлық мәселелер бойынша мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды
АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tayynshinskogo-rayona/press/news/details/1048208?lang=kk

Жауап қалдыру