Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті рет азаматтарды қабылдады. 
 
Өңір басшысына аудандар мен Тараз қаласынан 15 адам ұсыныс-тілектерін жеткізді. Атар айтқанда, абаттандыру, тұрғын үй мен жер, әлеуметтік және медициналық қызмет сапасына қатысты мәселелер қаралды.
 
Қабылдау барысында агроөнеркәсіптік кешенді, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға ерекше назар аударылды. Тұрғындар бұқаралық спортты жандандыру бойынша да бастама көтерді.
 
Әрбір сауал бойынша Ербол Қарашөкеев жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, өтініштерді жеке бақылауына алды. 
 
Жеке қабылдаулар тұрақты өткізіліп, бұл халық пен билік арасындағы тікелей диалогтың маңызды құралы болып қала береді. Өңір басшысы ашықтық пен сындарлы қарым-қатынас жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы басты қағидат екенін ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/1048282?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді