«Лу Бань»: шетелдік студенттердің назарын аударған инженерлік орталық
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) «Лу Бань» шеберханасы технологиялық серпіліс пен халықаралық білім беру ынтымақтастығының нағыз символына айналды. Бұл жай ғана оқу зертханасы емес – бұл әртүрлі елдердің студенттерін біріктіріп, оларға заманауи көлік технологияларын меңгеруге, жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеуге және жаһандық инженерлік элитаның бір бөлігі болуға тең мүмкіндік беретін интеллектуалды орталық.
Бүгінде мұнда тек қазақстандық студенттер ғана емес, әлемнің әр түкпірінен келген жастар білім алуда. Мысалы, Нигериядан келген магистрант Даниэль Дамиларе Эммануэль «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» бағдарламасы бойынша, ал Пәкістаннан келген Ибтасам Умар Алтаф Шейх Саиф ур Рехман «Механика және металл өңдеу» бағдарламасы бойынша оқиды.
«Біздің елде осындай білім алуға жасалған мүмкіндікті табу қиын – мұнда заманауи электромобильдерге, жабдықтарға және ең бастысы, бірден тәжірибеде қолдануға болатын білімге қол жеткізу бар», – дейді нигериялық Даниэль.
Пәкістандық студент үшін де бұл шеберханада оқу – заманауи кәсіби инженерлік дағдыларды меңгерудің нақты мүмкіндігі. Бұл туралы Умардың өзі былай дейді:
«Мен ШҚТУ-ды таңдадым, себебі мұнда білім шынайы индустриямен байланысты. Бұл тек теория емес, бұл – болашақ технологияларды өз көзіңмен көріп, қолмен ұстай алатын мүмкіндік».
«Лу Бань» шеберханасы – елдегі ең заманауи техникалармен жабдықталған санаулы оқу алаңдарының бірі: Tesla, BYD, Zeekr, Lixiang электромобильдері, гибридтік қондырғылар, бағдарламаланатын диагностикалық жүйелер, автономды көлік платформаларына арналған стендтер. Мұнда студенттер тек технологиялармен танысып қана қоймай, олармен жұмыс істеуге, зерттеу жүргізуге, өз инженерлік шешімдерін сынап көруге және жобалауға нақты мүмкіндік алады.
Шеберханада студенттер көлік және инженерия салаларының басты даму бағыттарын қамтитын білім беру бағдарламалары меңгереді. Атап айтқанда:
✅ «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» – болашақ көлік инфрақұрылымына мамандар дайындайтын бағдарлама;
✅ «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлік құралдарын пайдалану» – логистика, қауіпсіздік және басқаруға бағытталған;
✅ «Көлік машина жасауындағы смарт технологиялар мен жасанды интеллект» – механика, IT және автоматтандыруды ұштастырғысы келетіндерге арналған;
✅ «Механика және металл өңдеу» – классикалық инженерлік білім мен заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын біріктіретін бағдарлама.
Бұл бағдарламалардың әрқайсысы дуалды білім беру қағидаттарына негізделген: теория нақты тәжірибемен ұштасады, студенттер оқулық аясынан шығып, нақты өндірісте сұранысқа ие шешімдерді әзірлеуге және іске асыруға көшеді.
Студенттерден бөлек, мұнда өндіріс өкілдері де оқудан өтеді – Шығыс Қазақстан мен еліміздің басқа өңірлеріндегі зауыт-фабрикалардың мамандары микробіліктілік әдістемесі арқылы кәсібилігін арттырады. Университет пен индустрия арасындағы мұндай серіктестік қуатты синергетикалық әсер береді.
ШҚТУ жайлы, технологиялық және болашағы бар оқу жағдайларын жасап, шетелдік студенттерді тартуды жалғастырып келеді. Бұған Египеттен келген студенттер дәлел болмақ. Олар Foundation факультетін аяқтаған соң, білімдерін Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде жалғастыруды жоспарлап отыр. Ал «Лу Бань» шеберханасы – Қазақстанда шетелге шықпай-ақ әлемдік деңгейдегі білімді алуға болатынын дәлелдейтін жарқын мысал.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1048312?lang=kk
Жауап қалдыру