Ұлытау облысында жаңа стрит воркаут пен балалар алаңы тұрғындар игілігіне берілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлытау облысында жаңа стрит воркаут пен балалар алаңы тұрғындар игілігіне берілді

🏋️ Ұлытау ауылында стрит-воркаут алаңы пайдалануға берілді. Заманауи спорт алаңын салу ауыл жастарының сұранысы негізінде қолға алынған болатын. Жаттығуға арналған элементтен тұратын нысанға бетон құйылып, тартанды төсеніш төселген. Алаң темір шарбақпен қоршалып, түнгі уақытқа арналған шамдар қойылды.

⛳️ Сондай-ақ, ауданның Абай көшесінде балалар ойын алаңы пайдалануға беріліп отыр. Тұрғындардың өтініші бойынша салынған ойын алаңы жасанды шөппен төселіп, қажетті жабдықтармен жабдықталған. Айта кету керек, бұл ағымдағы жылы аудан орталығында салынған екінші ойын алаңы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-ishki-sayasat/press/news/details/1048304?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді