2025 жылдың 8 тамызы күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы Келес ауданындағы іс сапары барысында Департаментпен бекітілген «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес, өндіріс орындарындағы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кездегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Шардара ауданындағы кәсіпкерлік субьектілерімен кездесу өткізді.
Кездесуге «NOMAD LIFE» АҚ-ның Түркістан қаласындағы 4 санаттағы басқарушы директоры Садуақас Сұлушаш Маратқызы және ауданға қарасты кәсіпкерлік субъектілері қатысты.
Кездесу барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы жұмыс берушінің жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасуын жүзеге асыру маңыздылығына түсіндірме бере отырып, жұмыскерлерді сақтандыру шарттарының ережелері, мерзімі, сақтандыруы тиіс компаниялар мен жеке кәсіпорын мекемелері туралы талдау жасап өтті.
Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы өз баяндамасында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 230-бабы 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші міндетті сақтандыру шарттарын жасаспаған жағдайда салынуға әкеп соғатын тиісті айыппұл көрсеткіштеріне, сақтандыру кезінде есептелетін сыйақы мен өтемақы мөлшері туралы да тарқатып өтті.
Кездесу соңында мемлекеттік еңбек инспекторы Дінмұхамед Иглікұлы кәсіпкерлер тарапынан міндетті сақтандыру шарттары мәселесіне қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша кәсіпорын иелерін бірлесе іс-шаралар атқаруға шақырды.
Жауап қалдыру