Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы: Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың тірегі.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          Биыл Қазақстан Халқы үшін аса маңызды тарихи оқиға-Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция -бұл жай ғана құқықтық құжат емес, ол-еліміздің тәуелсіздігінің, демократиялық дамуының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді кепілі.

          Конституция-Тәуелсіздіктің нышаны,өркендеудің негізі.

1995 жылғы Конституция еліміздің құқықтық мемлекетке, демократиялық қоғамға және адам құқықтарын құрметтеуге ұмтылысын көрсетті. Онда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі, биліктің бөлінуі, заң үстемдігі, көпұлтты қоғамдағы бейбітшілік пен келісім сынды негізгі қағидаттар бекітілген.

        Осы жылдар ішінде Конституция заман талабына  сай жетілдіріліп, түрлі реформалармен нығайтылды.Парламенттің рөлін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейту – бәрі де Ата заңның аясында жүзеге асты.

       Конституция-тұрақтылық пен дамудың кепілі.

      30 жыл ішінде Конституция еліміздің барлық салада өркендеуіне негіз болды, нарықтық экономика құрылып, халықтың әл-ауқаты артты, саяси және  әлеуметтік институттар орнықты. Еліміз халықаралық аренада өз орнын тауып, бейбітшілік пен ынтымақтастық саясатын ұстанды.

       Бүгінде Қазақстан жаңа даму кезеңіне қадам басуда. Конституция қағидаттарына сүйене отырып, әділетті Қазақстан құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау – басты міндетке айналды.

      Болашақ-Конституцияны құрметтеумен нұрлы.

      30 жыл бұрын халық тарихи тандау жасап, Ата Заңымызды қабылдады. Бұл күн – ел бірлігінің, азаматтық жауапкершіліктің және ұлт болып ұйысудың символы.

Конституция-әрбір азаматтың бостандығы мен құқығын айқындайтын, ортақ құндылықтарымызды білдіретін басты құжат.

        Ата Заңымыз алдағы уақытта да ел мүддесіне қызмет етіп, мемлекеттілігіміздің тұғыры бола берсін!

 

       

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1048053?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді