
2025 жылдың 4-8 тамыз күндері аралығында азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдау кестесіне сәйкес, қалалық мәслихат депутаттары Р.Ізтілеуов, И.Басықараев, А.Төлегенова, М.Есжанов және М.Бисенова тұрғындарды қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан мынадай өзекті мәселелер көтерілді:
– Базарбаев көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату және жаяу жүргіншілер жолын салу;
– Арай мөлтек ауданындағы «Механизатор» бау-бақшалығына аяқ су жеткізу – бау-бақша алқаптарының су тапшылығына байланысты жеміс-жидектердің қурап қалу қаупі туындаған;
– «Пищевик» саяжайына қолданыстағы жүйенің істен шығуына байланысты су жеткізу мүмкіндігі болмауы орай, аяқ су айдау қондырғысын орнату;
– Зейнеткерлердің қоғамдық көлікте жүруіне жеңілдіктер қарастыру – көлік картасын тегін немесе жеңілдікпен пайдалану мәселесін шешу;
– Мамандығына сәйкес өз саласы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;
– Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға біржолғы материалдық қолдау беру, қаржылай көмек көрсету.
Тұрғындардың өтініштері мұқият тыңдалып, жедел шешуді қажет ететін мәселелер сол сәтте қаралып, шешілді.
Ал коммуналдық сала мен әлеуметтік қолдауға қатысты күрделі ұсыныстар бойынша құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, олардың шешілуі қатаң бақылауда болатындығы жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1048052?lang=kk
Жауап қалдыру