
2025 жылғы 19 тамызда 11 сағат 00 минуттан 12 сағат 30 минутқа дейін «Эрнст энд Янг – консультациялық қызметтер» ЖШС (бұдан әрі – EY) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының қолдауымен онлайн форматта тегін семинар өткізеді.
Семинардың тақырыбы – «Банктердегі ESG-тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптар: №188 қаулыға шолу және енгізуге арналған ұсыныстар».
Семинардың құрылымы:
- ҚР Қаржы секторына қойылатын реттеушілік талаптарға шолу;
- реттеушілік талаптарда көзделген ESG-тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі элементтері мен тетіктеріне шолу;
- ESG-факторларды кредиттік процеске біріктіру бойынша практикалық ұсыныстар.
Семинарға қатысу үші сілтемесі бойынша нысанды толтыру қажет.
Барлық сұрақтар бойынша: madina.orazalina1@kz.ey.com электрондық поштасы арқылы хабарласуды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/press/news/details/1048038?lang=kk
Жауап қалдыру