Жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша қызметкерлерге семинар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде МКД басшының орынбасары Бауыржан Шайкеновтың төрағалығымен жаңа Салық кодексінің ережелері бойынша Департамент және аумақтық қызметкерлері үшін семинар өткізілді.

2026 жылғы қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексі Қазақстанның салық жүйесінің ашықтығын арттыруда стратегиялық маңызға ие. Құжат салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдетуге, салық салуда әділеттілікті күшейтуге және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Шара барысында семинарға қатысушылар бизнеске салық салу ерекшеліктері, салықтық әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету шаралары және басқа да аспектілерді қоса алғанда, ең маңызды жаңалықтар туралы жан-жақты ақпарат алды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-akmola/press/news/details/1048034?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді