Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай Абай облысында ауқымды шаралар өтуде. Осыған орай Түркістан облысының зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы делегация Семей өңіріне келді.
Делегация мүшелері онкүндік барысында бірқатар маңызды мәдени шаралардың куәсі болды. Күні кеше қазақ өнерінің биік үлгісі саналатын айтыс өнерін тамашалады. Сонымен қатар концеренфияға қатысты.
Сапар аясында делегация қаладағы Абай музейін аралап, ұлы ойшылдың өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен танысты. Сонымен қатар Ф.Достоевскийдің де музейіне барып, қазақ пен орыс әдебиетінің ірі тұлғалары арасындағы тарихи байланыстарға қанықты.
Бүгін түркістандық қонақтар халықаралық поэзия фестивалін тамашалайды. Содан соң өзге облыстың өнерпаздары өткізетін концерттік бағдарламаларды көреді деп жоспарланған. Ал ертең ұлы ақынның туған өңірі Жидебайға барып, үлкен тойға қатысады.
Бұл мәдени сапар тек танымдық тәжірибе ғана емес, ұлт руханиятын дәріптеу мен мәдени ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамыдеуге болады.
Жауап қалдыру